Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.10.2018

Бостандық ауданы әкімінің кубогына арналған футбол турнирі басталды


2018 жылдың 29 қазан күні аудандағы Т.Сегізбаев атындағы футбол алаңында Бостандық ауданы әкімінің кубогына арналған 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

           

29 қазан мен 3 қараша  аралығында өтетін спорттық сайысқа Өзбекстан мен Қырғызстан және Қазақстанның өңірлерінен келген бауырларымыз, жалпы 36 команда қатысады.

Шараны Бостандық ауданы әкімдігінің өкілі ашып, спорттық сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирді алғашқылар болып, Алматы - Қарағанды командалары бастады.

30.10.2018