Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.09.2019

Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов Алматы қаласы баспасөз орталығында брифинг өткізді


Кешегі өткен апта соңында Бостандық ауданы әкімі Алтай Рахымбетов Алматы қаласы баспасөз орталығында брифинг өткізді.

 
 

 

Оның айтуынша, Бостандық ауданының 86 көпбалалы отбасы «Бақытты отбасы» орталығында кеңес пен әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.

Ауданда тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылып, «Іsker ana» жобасы жүзеге асуда.

Жоба аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 8 адам «Атамекен» ҰКП-ның «Бастау» оқуына жіберілді, қазан айынан бастап тағы 60 адам оқытылады. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 1234 көпбалалы отбасы тұрады, оның 86-сы «Бақытты отбасы» орталығында әлеуметтік көмек пен кеңес алды.

375 отбасына (1837 адам) АӘК тағайындалып, төленді. Соның ішінде 249 көпбалалы отбасы бар. Сонымен қатар, ауданның кәсіпорындарымен бірлесіп ауданның 269 көпбалалы отбасына қайырымдылық акциялары өткізілді.

Одан өзге ауданда су басудың алдын алу үшін не жасалғанын және азаматтардың өтініштерімен қалай жұмыс істеп жатқанын айтты.

Мәселен, Лисянский көшесінің солтүстік жағындағы жол жиектеріне бордюрлер орнатылды. Осындай бордюрлер Тимирязев көшесінің солтүстік жағындағы арық жүйесінің бойымен басқа көшелерге жаңбыр суын бұру үшін орнатылды. Бұл шара Тимирязев көшесіндегі (Айманов көш.қиылысы) үйлердің аулаларында су басу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуінде 118 сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі коммуналдық шаруашылыққа (аула аумағын абаттандыру, ескі үйлерді бұзу және т.б.) және абаттандыруға (жол төсемдерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, арық желісін санитарлық тазалау, жасыл желектерді санитарлық кесу және бұзу), сондай-ақ, тротуарлар мен жолдарды салу және жөндеу, қоғамдық көлік желілерін дамыту және жаңғырту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру. Барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі.

Сондай ақ 1.14.1 Жол белгісін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдындағы жаяу жүргіншілер жолы мен әл-Фараби даңғылы бойындағы баспалдақ аралығы жөнделді.

Саин көшесіндегі (Асқаров көш.қиылысы) жасыл желектерді суару кестесі ретке келтіріліп, соған сәйкес жұмыстар күндізгі уақытта 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін, түнгі уақытта 21:00-ден 6:00-ге дейін тұрақты негізде жүргізіледі. Жароков көшесіндегі № 292 үйге жылу беру жүйесі ретке келтірілді.

Техникалық қабаттағы тұрғын емес үй-жайға қайта тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде жылыту жүйесінің бұзылмағаны және жұмыс жағдайында екені анықталды.

Сонымен қатар, 18 улы газ датчигі орнатылып, 140 отбасының үйлеріне газ құбыры жүргізілді.



30.09.2019