Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.08.2018

Аудан тұрғындары ҚР Конституция күнін атап өтті


Бүгін Бостандық ауданы тұрғындары "Мега Алматы" сауда сауықтыру орталығында Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  қазақ эстрадасының жас әншілері мен аудандық балалар шығармашылығы ұжымының қатысуымен  ҚР Конституция күнін мерекелік концертпен атап өтті.

           

Мерекелік концертті аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева ашып, жиналған жұртты ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.

           

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - бұл күн мемлекеттік мереке. Еліміздің негізгі заңы ретінде, «Конституция Қазақстан халқының еркіндігін, оның адам өмірі, құқықтары және бостандықтары ең жоғары құндылықтар болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ретінде құруға деген ұмтылысын көрсетеді.

           

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан Конституциясы - бұл еркіндіктің негізі. Осылайша, Конституция Қазақстан халқына ең бастысы - таңдау құқығын берді.

30.08.2018