Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.07.2018

Кезекті велошеруге 700-ге жуық велошабандоз қатысты


Өткен демалыс күні ауданда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтті.

          

700-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы алаңынан бастап, Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакентке» дейін велосипедпен жүріп өтті. Велошерудің жалпы қашықтықты 9 шақырымды құрады.

Мәре қаламызда танымал болған арт-объекті «Үлкен тиінді» аяқталып, жеңімпаздарды онда бағалы сыйлықтар мен велосипедтер күтіп тұрды. Соның бірін Ежебековтар отбасы ұтып алды. «Бүгін біз бірінші рет бүкіл отбасымызбен қатыстық, осы уақытқа дейін өзім қатысатынмын. Менің ұлымның бағы бар екен, келе салып велосипед ұтып алды. Өте қуаныштымыз. Өзім велосипед тепкенді жақсы көремін, аптасына бір рет жұмысқа барып тұрамын», - деді Виталий Ежебеков.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он екіншісі болып саналады.

30.07.2018