Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.05.2019

Бүгін Бостандық ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Кезінде біздің Республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.

 

Бүгін 2019 жылы 30 мамырда Бостандық ауданы әкімі аппараты О. Жандосов ескертікіші алдында ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

Қаралы жиын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, бір минуттық үнсіздіктен басталды.

 

Еске алу күніне О. Жандосовтың ұлы Әли Жандосов, немере сіңлісі, жақын туыс тумалары мен мектеп оқушылары аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Жиынды алғы сөзімен аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы ашыр сөз кезегін аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамит Біржанұлына берді. Ол кісі Біз бүгін солақай саясаттың құрбаны болған барлық азаматтарымыздың рухын еске ала тұрып, тарих тағылымына тағзым етуді, одан тиісті сабақ алуды ұрпаққа парыз санаймыз, - деді,  Өз кезегінде О.Жандосовтың ұлы Әли Жандосов сөз алды.

Артынан  қонақтарды "Дарха" мейрамхаансына түскі еске алу асына шақырды.

 

30.05.2019