Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.05.2018

Бүгін Бостандық ауданы әкімдігі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып  1997 жылдан бері атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша маңызды күн.

Кезінде біздің Республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.

           

Бүгін 30 мамырдаі Бостандық ауданы әкімі аппараты О. Жандосов ескертікіші алдында ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Қаралы жиын гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздіктен басталды.

           

Еске алу күніне О. Жандосовтың ұлы Әли Жандосов, немере сіңлісі, жақын туыс тумалары мен мектеп оқушылары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Жиында сөйлеген «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының орынбасары Джамбулов Баймұрат, Біз бүгін солақай саясаттың құрбаны болған барлық азаматтарымыздың рухын еске ала тұрып, тарих тағылымына тағзым етуді, одан тиісті сабақ алуды ұрпаққа парыз санаймыз, - деді.   

           

Артынан О.Жандосовтың ұлы тарих ғылымының кандидаты, киноқоюшы Әли Жандосов сөз алды.


31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Кезінде біздің Республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған. «Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті. Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.


30.05.2018