2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2020

«Біз Жеңістің ізбасарларымыз»


2020 жыл - Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, еске алу және даңқ жылы. Ұлы Отан соғысы барлық кеңес отбасына әсер етті. Бұл соғыс көптеген адамдардың балалық және жастық шақтарынан айырды. Сол қиын күндер әр отбасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып сақталады. Біздің, соғыстан кейінгі ұрпақтарға, майданда соғысып, тылдағы жанқиярлық еңбек еткен адамдарға айтар алғысымыз шексіз.

          

Отанымыздың бейбіт өмірі үшін қан майданда шайқасқан жауынгерлерімізді ешқашан ұмытпай, құрмет көрсету мақсатында 2020 жылдың 15-22 сәуір аралығында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Алматы қаласы білім мекемелері арасында«Біз Жеңістің ізбасарларымыз»тақырыбында бейнеролик жолдау эстафетасынан байқау өткізді.

Қала көлемінде өткен патриоттық форматтағы «Біз Жеңістің ізбасарларымыз» атты байқауына қаланың 8 ауданының мектептері қатысты.

          

Байқау нәтижесінде Бостандық ауданының білім мекемелері көш бастап, «Біз Жеңістің ізбасарларымыз» атты тақырыбында 204 (екі жүз төрт) бейнеролик жасап, қала көлеміндегі байқаудан бас жүлдені иеленді.

Бұл ауқымды шараның мақсаты: жастардың отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, соғыс ардагерлеріне алғыс айту, қан майданда жеңіске жетіп, бізге тыныш өмір сыйлаған ардагерлерімізге құрмет білдіру, және заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, соғыс туралы деректер жасау, жастардың үйдегі уақытын тиімді қолдану болып табылады мақсатымыз.

 

30.04.2020