Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.03.2018

Ауданда «Мен әлемді танимын» атты бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстарының конкурсы өтті.


Алматы қаласы, Бостандық ауданының, № 10 ЖББ мектебінде «Мен әлемді танимын» атты бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарының конкурсы өтті.

                     

Конкустың басты мақсаты: Оқытуда зерттеу және жобамен жұмыс жасау әдісін қолдану арқылы бастауыш мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту, бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу, танымдық іс- әрекетке қызығушылықтарын арттыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру, кішкентай дарынды және талантты зерттеушілерді айқындау.

                    

Байқауды өткізу идеясы: Оқу үрдісін ұйымдастырудың инновациялық әдістерінің бірі –жобалық іс-әрекет, мұнда күтілетін білім нәтижелеріне жетү, жобалау менеджментінің негіздерін тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз ету, бастауыш сынып оқушылырының жобалау дағдыларын және жеке- дара іс- әрекет етуін дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуға әсер ететін жағдай жасау.

                        

      Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар   әр номинация бойынша   I, II және III дәрежелі аудандық Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

              

Олар:

«Тірі табиғат»

I орын – Қайратұлы Әбілмансұр ( Zerde мектеп- гимназиясы, 1«А» сынып)

II орын – Тургамбаева Адия ( Zerde мектеп- гимназиясы, 4«Ә» сынып)

III орын – Темиргалиева Алина (Магистр ЖМ мектеп,4 «А» сынып)

 «Мен және менің әлемім»

I орын – Муратов Диас (№70 ЖББ мектеп,1 «Б» сынып)

II орын – Илан Дария ( Zerde мектеп- гимназиясы, 4«Ә» сынып)

IIIорын – Глазков Артем (№23 мектеп- гимназиясы, 3«А» сынып)

 «Математика, ғылым, техника»

Iорын – Хрисиди Екатерина (№60 Гимназия , 4 сынып)

IIорын – Макашева Жания (Zerde мектеп- гимназиясы, 2«А» сынып)

IIIорын – Тұрысбеков Елнұр (Zerde мектеп- гимназиясы, 1«Ә»сынып)

 Ал қалған оқушылар «Мен әлемді танимын » атты конкурсқа белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Комиссия мүшесі Алматы қаласы Жас натуралистер станциясының әдіскері Кабылдинова Гаухар Тукеновна «Мен әлемді танимын» атты бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарының конкурсы жоғары деңгейде өтті. Көптеген зерттеу жұмыстары болды, оқушылар өздері бақылап, кунделік жазып, зерттегенін жазба ретінде көрсетіп, ғылымға деген алғашқы қадамдарын жасады,- деп жоғары бағасын берді.

30.03.2018