Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.11.2019

«Біздің азаматтық ұстанымымыз»


Қараша айы бойы Бостандық ауданының мектептері арасында «Біздің азаматтық ұстанымымыз» атты балалар мен жастар бірлестіктерінің слет-конкурс болды.

2019 жылы 21 қарашада № 21 гимназия базасында «Біздің Азаматтық» аудандық слет-конкурсының финалы өтті.

 

 Сайысқа қатысқан командалардың құрамына әр түрлі жастағы оқушылар кірді: 10 жастан 16 жасқа дейін (5-10 сыныптар), олардың арасында «қауіпті топтың» балалары да болды.

 

Командалардың бәсекелестік ойындары әртүрлі форматта ұсынылды: науқандық қойылымдар, театрландырылған қойылымдар, шоу бағдарламалар және әртүрлі тақырыптар - салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзіне қол жұмсауды (суицид) алдын алу, қазақстандық патриотизм мен толеранттылық арқылы азаматтықты қалыптастыру.

 

Барлық қойылымдар жарыспен, жаңа шығармашылық идеялармен және креативті тәсілмен ерекшеленді, бұл аудандық конкурсқа жоғары баға беруге мүмкіндік берді. Аудандық финал қорытындысы бойынша келесі мектептер жүлделі орындарға иеленді:

Гран-при - № 105 гимназия.

І орын - № 22 мектеп-гимназиясы, № 63 ЖБМ.

II орын - № 10 ЖБМ, № 40 ЖБМ

III орын - № 189  ЖБМ, № 191 ЖБМ.

29.11.2019