Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.11.2017

Айтыс – халықтың төл өнері


   «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қолдауымен,
«Ұлы Дала қазынасы» партиялық жобасы аясында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай ұлттық жаңғыруға үлес қосу
мақсатында, ауданда орналасқан орта оқу орындары арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған, «Елбасы және Ел мұраты»  атты ақындар айтысы ұйымдастырылып өткізілді.

           

      Бұдан 2 жыл бұрын ЮНЕСКО-ға тіркеліп, әлемдік масштабта белгілі бола бастаған төл өнерімізге, қанат қаққан жас өрендер айтулы айтыстарға апаратын алғашқы қадамдарын жасады. Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің мәжіліс-залы   көркемделіп безендендірілген.  

           

       Айтысты халық кәсіпшілігі колледжінің директоры Жамангөзов Камал Әмірғалиұлы ашып, қатысушыларға шығармашылық шабыт тіледі. «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасынының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұратханұлы халық ауыз әдебиетінде айтыстың алатын орнына ерекше тоқтала келе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай колледж тәлімгерлері арасында бірінші рет өткізіліп отырған жастарға,  жыр алыбы Жамбылдың «Менің пірім – Сүйінбай, жыр айтпаймын сыйынбай» деген өлеңінен үзінді оқып, аталар дәстүріне адал болуға, айтыс арқылы салт-дәстүріміздің сақталуына, рухани жаңғырумызға үлес қосуға шақырды.

           

     Айтысқа, құрамында айтыскер ақын Айбек Бектенқұлов, Республикалық, халықаралық «мүшайралардың» жеңімпазы, ақын Нұртас Тұрған, журналист-ақын Өмірбек Сансызбаев, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Тоққожаев Бекежан Бірімжанұлы,О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжі директорының орынбасары Боранбаева Рита Сұлтанмұратқызы   бар қазылар алқасы төрелік етті.    

          

     Қазылар алқасының әділ шешімімен, жартылай финалға аттары
да ұқсас, тілектері мен ниеттері ақ, Ақтілек пен Ақниет  шығып, қыз бен жігіт айтысының кішкентай көрінісін көрсетті.  

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

1- орын  - Кабдуллина Ақниет Қалыбайқызы

2- орын  - Орынбай Дастан Нұрғалиұлы

3- орынды - Молдағали Ақтілек  пен  Оразтай Касымжомарт бөлісті.

  Екі сағаттан астам уақытқа созылған  айтыс тартымдылығымен ешкімді де жалықтырған жоқ, колледж директоры Камал Әмірғалиұлы бұл жақсы дәстүрлі жалғастыра беруге, келесі жылы тағы да аудандағы басқа колледждерді де қатыстыра отырып өткізуе бейіл екенін білдірді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» осындай кішкентай қадамдардан басталып, ұлы істерге ұласады. 

Қазақ барда айтыс бар, ол мәңгі өлмейді, «Мәңгілік ел» тұрғанда.   Қадыр ағамыз  «нағыз қазақ – қазақ емес, қағыз қазақ домбыра» деп айтып кеткендей, нағыз қазақ айтыс десек те болады.

29.11.2017