Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.10.2019

Ауданның қарт кісілеріне азық-түлік сертификаттары берілді


Бүгін Бостандық ауданы әкімінің аппаратында «Қарттар күні» аясында зейнеткерлер мен қарт адамдарға «Magnum Cash & Carry» супермаркетінде азық-түлік сатып алуға  сертификат табысталды.

 

Бостандық ауданы әкімдігі және А.М. Османовтың басшылығымен «Magnum Cash & Carry»ЖШС-гі ауданның зейнеткерлеріне азық-түлік сатып алу сертификаттарымен көмек көрсетті.

Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева және Бостандық ауданы ардагерлері мен зейнеткерлері кеңесінің төрағасы Хамид Біржанов қонақтарды Қарттар айлығы мерекесімен құттықтап, 30 отбасына азық түлік алу сертификаттарын табыстады. Бұл біздің зейнеткерлерге үлкен көмек болды.


Қазан айы бойы аудан қарттары мен зейнеткерлер шаштараз, монша, сауықтыру орындары мен медициналық қызметтерді тегін алуда.

 

Сондай ақ мәдени- спорттық шараларға қатысып, қаланың көрікті мәдени жерлерін серуендеп, мұражайларға баруда.


29.10.2019