Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.08.2019

Бостандықтар шаһар басшысымен кездесті


Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні Бостандық ауданы тұрғындары «Атакент» қонақ үйінде шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевпен «Еркін микрофон» форматында кездесіп, өздерінің сұрақтарын қойды.

Алматы қаласы әкімімен тікелей жүздесіп, өздерінің сұрақтарын қоюға  650-дей аудан тұрғындары келді.

Шараға аудан әкімі Алтай Рақымбетов, аудан прокурорының Жандос Әбдібаев, Босстандық ауданы ІІД полиция бөлімінің басшысы Болат Кетпенбаев, қалалық басқармалар мен коммуналды қызмет басшылары қатысты.


«Еркін микрофон» форматында өткен кездесу барысында көтерілген сұрақтардың басым бөлігі күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты, аула ішін аббаттандыру, аула, көше бойын жарықтандыру, ПИК жұмысы, автокөлік жолдарын жөндеу, тұрмыстық қалдықтарды шығару сияқты мәселелер көтерілді.

Шаһар басшысы барлық қойылған сұрақтарды тыңдап, егжей-тегжейлі қарастырып тиісті құрылымдық қызметтерге, мекемелерге тапсырма берді.


Сонда ақ қала әкімінің тапсырмасымен кесте жасалды, оған сәйкес аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындармен көшпелі кездесулер мен ашық есік күндерін өткізу тапсырылған. Аптасына бір рет, дүйсенбі күні әкім тұрғындармен кездесулерде азаматтардың сұрақтары мен өтініштері қалай қойылатыны туралы есептерін тыңдайды.

Қала әкімі тұрғындармен еркін форматтағы кездесулердің тиімділігіне тоқталып, оларды тоқсан сайын жалғастыру керектігін айтып жеткізді.

«Мемлекеттік қызметші халықты тыңдау» қағидаты - заманның басты талабы », - деп атап көрсетті Б. Сағынтаев.


29.08.2019