Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.06.2018

Ауданында ұлттық домбыра күні аталып өтті


Енді Қазақстан жұртшылығы шілденің алғашқы жексенбісі – 1 шілде күні Ұлттық домбыра күнін алғашқы рет атап өтеді.

Әрбір қазақ үшін киелі домбыра - ұлтымыздың символы. Қазақ күйі адам жанын тебірентеді, керемет сезімге бөлейді, жүрекке бойлап, терең ойға баулиды.

           

Жаңа мерекені алғашқылардың бірі болып домбра жасаудың қыр сырымен үйрететін Алматы қаласы құрылыс және халықтық кәсіпшілік коллдежінің студенттері атап өтті.

Мерекелік концерттік шарада домбыраның тарихы, жасалу жолдары, күмбірлеген күйлер мен термелер тыңдалды.

           

Аталмыш колледждің бөлім меңгерушісі  Азанбаева Майгүл өз сөзінде «...Домбыра домбыра емес, нағыз қазақ домбыра!» деп дана халқымыз айтып өткендей, бүгінгі  жас ұрпақтың санасына ұлттық дәстүрді сіңіріп, қайта жаңғырту мақсатында  жасалған еңбегіміз аз емес. Коллдеж директоры Камал Жамангөзовтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқу жылының басында «Дәстүр» орталығы бой көтерген болатын. Бұл орталықта ұлттық аспаптардың барлық түрі қамтылып, болашақ ұлтымыздың өнерпаздар мамандарын дайындап келеміз»,-деді.

           

 Іс-шарадан көңілге түйіп аларымыз көп болды. 

 Естеріңізге сала кетсек, шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен белгіленген болатын. Ел президенті ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында осындай қаулы шығарған еді.

  



29.06.2018