Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.05.2019

Бүгін Бостандық адуаны әкімдігінде көпбалалы аналар құрметтелді


Бүгін Бостандық ауданы әкімдігінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстау  салтанатты рәсімі өтті. Бүгінгі күнге аудандағы 1012 көпбалалы аналардың тізімін тағы  4 көпбалалы ана толықтырды.

                     

Бұл жолы «Алтын алқа» төсбелгісін бір ана және «Күміс алқа» 3 әйел   марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы   аналарды құттықтап, бала тәрбиелеп отырған асыл жандардың ерең еңбектерін атап өтті.

                                        

Айта кету керек, «Алтын алқа» төсбелгісі  жеті немесе одан да көп бала тәрбиелеген аналарға, «Күміс алқа» 6 баланы тәрбиелеп отырған аналарды беріледі.  Бұл жолы «Алтын алқа» мемлекеттік марапатты көкірегіне таққан    Григорьева Наталья Олеговна болды.

 Марапаттау рәсімінде айтылғандай, бүгінде әйелдердің - қоғамдағы  және ата-ана болудың маңызды рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Бүгінгі күні Бостандық ауданында 1012  көп балалы  отбасы тұрады. Оның 379-ы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапат иелері.

Бүгінгі күні бұл тізімге тағы 4 ана қосылды.




29.05.2019