2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2020

«Nur Otan» партиясы материалдық көмек көрсетудің екінші толқынын бастады


Алматыда «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы «Bizbirgemiz» акциясы аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына материалдық көмектің екінші толқынын іске қосты.

 

Азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Алматы Біргеміз» Қоры құрылды, оның қызметі республикалық «Bizbirgemiz» қорынан қаржыландырылады.

 Бұған дейін «Алматы Біргеміз» қоры қаланың ең мұқтаж тұрғындарына көмек көрсетті. 23 472 адамға материалдық көмек көрсетілді.

 Осылайша «Nur Otan» партиясының атынан 27 сәуірде қаржылай көмектің екінші толқыны басталды. Енді келесі категориядағы 28 592 адамға көмек көрсетіледі:

- аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылар (МӘК 2019 алушылары);

- зейнеткерлер - 1 және 2 топтағы мүгедектер;

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

- тыл жұмысшылары; отбасылары

- ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеушілер.

 

«Көмек көрсетілетін азаматтардың тізімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері негізінде жасалды. Егер алушы осы санаттарға қосылса, онда оған көмек автоматты түрде тағайындалады.

Тіркелу үшін құжаттарды жинау, ешқайда барудың қажеті жоқ, ақша карточкалық шоттарға «Алматы Біргеміз» Қоры мен «NurOtan» партиясынан SMS-хабарлама арқылы түседі

«Көмек бір рет төленеді», - дейді «NurOtan» партиясының қалалық филиалы. Берілген қаражат айыппұлдарды, қарыздарды және басқа төлемдерді өтеу үшін алынбайды.

Сондай-ақ, Алматыдағы Республикалық «Биргемиз» қоры 2 миллион медициналық бетперде жібергенін айта кету керек. 40 мың мұқтаж азамат бетперде алады.




29.04.2020