Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.03.2018

«Қош келдің, әз-Наурыз!»


Алматы қаласы Бостандық ауданында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған   Ұлыстың ұлы күні­ – Наурыз мейрамын атап өтті.

Самарқанның көк тасы еріп, барша тіршілік атаулы ұйқысынан оянатын жаңару мен жаңғыру кезеңі атанған Наурыз мейрамы – университет қалашығының тұрғындарының асыға күтетін ерекше мерекесі.

           

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы аумағында ұйымдастырылған әз Наурыз көктем мерекесіне ҚазҰУ басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Мерекелік шара ақсақалдың ақ батасымен ашылып, ақжаулықты әжелер шашу шашты. Алқалы жиында сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Біздің халық үшін ең қастерлі ұғым ол – тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің ғұмырын баянды болуы білімді әрі жігерлі жастардың қолында. Еліміздің Мәңгілік елге айналуы – Елбасымыздың басты мақсаттарының бірі. ол мәңгілік елдің ұлттық құндылықтары да мәңгі болатыны ақиқат. Сондай ұлттық құндылықтарымыздың бірі – бүгін тойланып жатқан Наурыз мейрамы. Ұлыстың ұлы күні елімізбен жеріміз үшін ырыс пен берекенің, бақыт пен тұрақтылықтың, жаңару мен жаңғырудың бастауы болғай», – деп, жүрекжарды тілегін білдірді.

Мерекеге жиналған қауым киіз үй төріне жайғасып, берекелі дастарханнан дәм татты. Ұлттық ойындар ойнатылып, қазақ эстрадасының жас жұлдыздары әуелете ән шырқады. Той үстінде ұлттық салт-дәстүріміздің бірі ретінде «Тұсаукесер» рәсімі де көрініс тапты. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов жас сәбиге ақ тілегін айтып, тұсауын кесті.

Сонымен қатар студенттер арасында қол күресі, гір тасын көтеру, қазақша күрес сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Аталмыш мерекені ұйымдастырушы

Сондай-ақ мерекеде шетелдік студенттер де өздерінің ұлттық киімдерін киіп, жайылған ақ дастарханнан, соның ішінде наурыз көжеден алғаш рет дәм татты.

Бұл шақта табиғат қана емес, адамдар да өз тіршілігін жаңартып, өзгертуге, рухани толысуға, жақсылыққа ұмтылады, қыстан аман-есен шыққанына тәубе айтып, үлкен үмітпен болашаққа көз тастайды. Жақсылық пен ізгіліктің бастауы болған Наурыз мейрамы барша қазақстандықтардың өміріне жаңа тыныс әкеліп, шуақты нұрына бөлегей.

29.03.2018