2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.02.2020

Бостандық ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы жаңа заңның нормалары түсіндірілді


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында тұрғын үй инспекциясы және модернизациялау бөлімінің жетекшісі Қандыханов Жандос Маратұлының, аудан әкімінің үйлестіруші- кеңесшісі З.Үсенова, коммуналдық шаруашылық бөлімі Сейдалиев Е.У, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Д.Ұзақов және ауданның ПИК төрағаларының қатысуымен Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жиналыс өтті.

                                   

Кездесу барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын іске асырумен байланысты ағымдағы мәселелерге Алматы қ. Тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үйді модернизациялау бөлімі жетекшісі Ж.М. Қайырханов егжей тегжейлі түсіндіріп берді.

 

Жиынға қатысушылар бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, көп пәтерлі үйдің ортақ мүлкін күту, автотұрақ, лифтілердің қауіпсіздігі және техникалық қызмет көрсету. Өз кезегінде Жандос Маратұлы жергілікті атқарушы органдардың газ, газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа функцияларын іске асыруына және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалауға қатысты мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды; қалаға бірыңғай сәулет келбетін беру үшін қасбеттерді, шатырларды жергілікті бюджеттен жөндеу; су басқан аудандардағы тұрғын үйлердің тұрақтылығын арттыру; лифтілерді жөндеу және қайтару негізінде жергілікті бюджеттен ауыстыру; жер учаскесінің кондоминиум объектісінің ортақ меншігіне оны тіркеумен қосу; апатты көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу туралы мәселелі сұрақтарға жауап берді.

Еске салайық, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсанда қабылданып, үстіміздегі жылдың 7 қаңтарында күшіне енді. Жаңа құжат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын, атап айтқанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын реформалауға бағытталған, олардың көпшілігі құқық қолдану практикасы кезеңінде жетілдіруді қажет етті.



29.02.2020