Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.01.2018

ҚР Президенті Жолдауындағы қойылған міндеттерді орындау бойынша кеңес өтті


 Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Бекқали Торғаевтың төрағалық етуімен 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында қойылған міндеттерді, оның ішінде 9 – шы тарауын талқылау бойынша жиын өтті.

           

Шараға аудан әкімінің орынбасары Балбаева М.Е, аппарат басшысы Алиярова Б.Ж.,бөлім басшылары мен аппарат  қызметкерлері қатысты.

Жиынды алғы сөзімен ашқан Бекқали Нұрғалиұлы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Аудан әкімі Мемлекет басшысы айтқан ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен стратегиялық құжаттың негізгі басымдылықтарын айтып, сөз кезегін Мемлекеттік –құқық жұмысы бөлімінің басшысы  Мамбетова Гулназ Садыкқызына берді.

           

Гулназ Садыққызы Елбас жолдауындағы 9-шы тапсырма «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» туралы айтып, «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.

           

Ол Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келетінен айтып жеткізді.

29.01.2018