Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.12.2017

Партия билетін табыстады


  Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында   «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалында Қазақстанның құрметті донары, денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстан Республикасында қан тапсырудан рекорд орнатқан Скаковский А.Н. партия қатарына қабылданып, партия билеті табысталды.

           

 Шараға «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары-Джамбулов Б.М.,  Қазақстан Халықтар Ассамблеясының мүшесі, Бостандық ауданы бойынша ҚХА жетекшісі, Олимпиада чемпионы, Алматы қаласы Мәслихат депутаты- Байрамуков И, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының мүшелері қатысты.

  Дүние жүзі бойынша  қан тапсырудан Австралиялық  Джеймс Харрисоннан кейін екінші орында, Қазақстанда құрметті бірінші орында тұрған  72 жастағы    қарт А.Скаковский  1801 рет  донар атанып, 580 литр қан тапсырған. Оның қаны еліміздің және шет елдің мыңдаған адам өмірін сақтап қалуға көмектескен. Зейнеткердің айтуынша  өзінің денсаулығының кепілі спорт пен зиянды әдеттерден бас тарту. Менің басты мақсатым салауатты өмір салтын ұстанып,оны жастарға дәріптеу және қан тапсыруға үлгі көрсету дейді.

           

   Құрметті донар жиналғандар алдында «Мен донармын» атты М.Мақатаевтың өлеңін оқып, алғысын білдірді.

 Артынан «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Мұратханұлы Қазақстан Халықтар Ассамблеясының мүшесі, Бостандық ауданы бойынша ҚХА жетекшісі, Олимпиада чемпионы, Алматы қаласы Мәслихат депутаты  Ислам Байрамуковке    саяси  менеджмент мектебінің семинарын  бітіріп шығуымен құттықтап, сертификат табыстады.

           

28.12.2017