Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.11.2018

ҚАЗҰУ-да "Ұлы даланың жеті қыры" атты экспозиция ашылды


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Алматыда, ҚазҰУ-дың әл-Фараби атындағы кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-көркем экспозицияның ашылуы өтті.

         

Бұл экспозиция Елбасының мақаласында атап өтілген ата-бабаларымыздың озық технологияларын куәландыратын қазақтардың тарихи мұрасының барлық жеті символын бейнелейді. Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнер ескерткіштерінің көшірмелері мен Қазақстанның ежелгі тарихының түрлі кезеңдеріндегі археологиялық олжалар таныстырылған, атап айтқанда Күлтегіннің бейнелері, «Көк бөрі», Тоньюкук ежелгі түрік жазбалары, Аралтөбенің сармат дәуіріндегі «Алтын адам» бейнесі және басқа экспонаттар.

                                   

«ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттар дала өркениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Мәселен, IX-XI ғасырдағы қимақ кезеңіне жататын жылқының ет-тұрманы, ата-бабаларымыздың сонау заманнан жылқыны қолға үйрету мәдениетінің жарқын мысалы. Шілікті және Жалаулы ескерткіштері маңынан табылған сақ кезеңіндегі алтын стильдік бейнелері бар есіктер және басқа да көптеген экспонаттар», – деп атап өтті ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева.

Қазақстанда алғаш рет көрсетілген Хуннулардың бірегей алфавиті экспозицияның сенсациялық экспонаты болып табылады. 136 әріптен тұратын алфавит Қытай ғалымдарымен Венгрия, Германия, Болгария, Қытай, Норвегия, Моңғолия мен Ресейден әртүрлі жылдарда табылған археологиялық олжалар негізінде қайта қалпына келтірілген.

«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» ретінде бізге жеткен дәуір кезінде Қазақстан, Еуропа мен Азияның осы заманның алғашқы ғасырларындағы ежелгі тарихы көшпелі Хунну тайпаларына қатысты түрлі оқиғаларға толы болғаны белгілі. Алайда, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада дәл айтылғандай «еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны» және де әлемдік маңызы бар аса көрнекті мәдени және тарихи мұраларды қалдырғаны «туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ», – дейді ғалым Ғибадат Ғаббасұлы.

Ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі Ұлы даланың тарихын көрсететін «Ұлы даланың жеті қыры» экспозициясы университеттегі «Қазақ елі» тарихи-көркемөнер кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Алаш мұраты» атты келесі демонстрациялық залы ХХ ғасыр басында қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін бейнелейді. Ал, «Мәңгілік Ел» атты көркемдік панорамасында қазақ халқының Президентпен бірлесе отырып ғасырлар бойғы аңсаған тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізу туралы арманының жүзеге асырылуын көрсететін тарихи бейнелер мен заманауи шындықтар келтірілген.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-көркем экспозициясының ашылу салтанатына көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері, Алматы қаласы әкімдігі мен БАҚ өкілдері, белгілі ғалымдар, сондай-ақ «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық VI патриоттық жастар форумына еліміздің 70 жоғары оқу орнынан келген 500-ден астам студент қатысты. Сонымен бірге форум аясында «Ұлы дала жастары» атты конференция өткізілді.


28.11.2018