Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.10.2019

Ауданда тоғыз-құмалақтан жарыс өтті


Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында жастарды салауатты өмір салтына насихаттау және спортқа ынталандыру мақсатында 2019 жылдың 26 қазан күні Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі базасында тоғыз-құмалақтан жарыс өтті.

 

Жас спортшылар ойынға белсене қатысып, керемет ойын үлгісін көрсетті.

Шараға барлығы 15 команда тіркеліп, 45 жасөспірім қатысты. Жарыстың қортындысына бойынша І орын Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі, ІІ орын Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, ІІІ орынды ҚазБСҚА жанындағы колледжі иеленді.  

 

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Тоғызқұмалақ арнайы тақта арқалы ойналады. Әрі ақыл ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын. Алғашқы кезде үш отау, бес отаулық шағын үлгілері болған болса, бүгіндері жетілген тоғыз отаулық классикалық ережелі спорттық ойын қатарына енгізілді. Тек ойын ғана емес оның танымдық әрі тағылымдық тұрғыда да, сондай-ақ спорт, өнер, ғылым ретінде де маңызы зор.

28.10.2019