Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.09.2019

Отбасы күні аталып өтілді


Қыркүйек айының екінші жексенбі күні Қазақстандықтар «Отбасы күнін» атап өтеді. Бұл жаңа келген мереке жылы және адамгершілікке толы еліміздің тағы бір ұлттық мерекесіне айналды.

 

Отбасы іргетастың негізі, адамзат тәжірибесінің қоймасы, ұрпақтар жалғасы, моральдық және рухани көзқарастардың бесігі ретінде біздің кең байтақ отанымызды мекендейтін барлық халықтар арасында бұрыннан ерекше құрметке ие.

 

Бүгін, «Отбасы күнін» мерекелеу аясында Бостандық ауданы әкімінің аппаратында әкім аппаратының үш бас маманы Оразымбетов Нұрсұлтан - көріктендіру бөлімінің бас маманы, Жақсыбаев Жанат - коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Сәдібек Карлығаштың ата-аналарымен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында аппарат басшысы Алиярова Батима қонақтады және ұжымды Отбасы күнімен құттықтап, жоғарыда аталған мамандардың ата-аналарына алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.

 

Кездесу соңынан ата-аналар балалары жұмыс істейтін кабинеттерде болып, олардың жұмыс күнімен танысты.

28.09.2019