Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.09.2018

Зейнеткерлер арасында қалалық спартакиада өтті


Алматы қаласы күні және Қазан айының бірінен басталатын Қарттар айлығы аясында   Бостандық ауданы әкімі аппараты аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесіп қаламыздың сегіз ауданының ардагерлер мен зейнеткерлер арасында спартакиада ұйымдастырып өткізді.

           

Спорттық шара ауданда орналасқан орталық стадионда өтті. Жарыс бағдарламасында әйелдер мен ерлер командасына арналған келесі спорт түрлерінен күш сынасты: 60, 100 метрге жүгіру, қашықтыққа доп лақтыру, қашықтыққа секіру, скакалкамен секіру және тағы басқалар.

           

Жалпы сайысқа екіжүзден аса қарт спортшылар қатысты.

           

Шараны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бас судья Мәлік Шайхутдинов, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы алғы сөзімен ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Мемлекеттік ән ұран орындалып, мемлекеттік ту көтерілгеннен кейін жарыс басталды.

           

Әділ қазылар алқасының қатаң шешімімен жалпы командалық есеп бойынша сайыстың жеңімпазы болып Алатау ауданы ардагер-зейнеткерлер атанды, 2 -ші орынды Бостандық ауданы, ал 3 орын Түріксіб ауданына бұйырды.

           

Барлық жеңімпаздар грамота, медальдармен марапатталып, естелікке бағалы сыйлықтар табысталды.

28.09.2018