Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.08.2019

Аудан әкімі аппаратында "Ғимарат ішінде жарылғыш құрылғыларды орнату орындарын анықтау бойынша тренинг өтті


2019 жылдың 27 тамызда Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші залында "Evix Experts" ЖШС ұйымдастыруымен  "Ғимарат ішінде жарылғыш құрылғыларды орнату орындарын анықтау, мүдделі органдармен және ұйымдармен терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерді жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау  іс-шаралары" тақырыбында оқыту тренингі өтті.

 

Тренинг барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді, күдікті және иесіз заттар табылған жағдайда қайда хабарласуға болатын террористік қауіп кезінде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді.

 

Тренинг соңында қатысушыларға толық ақпарат берілді.

28.08.2019