Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.08.2018

Аудан әкімі көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді


Бостандық аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаев аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарымен жылжымалы қоғамдық қабылдау өткізді.

          

Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қызметкерлерінен басқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұржан Сапарғалиұлы Нұрташев, аудандық Әділет басқармасының басшысы Гүлмира Әмірбекқызы Есболғанова, зейнетақы төлеу Орталығының басшысы Рахымбаева Қымбат Қасқырқызы, Бостандық ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару комитеті сұрақтары бойынша кординатор кеңесші - Усенова Зина Дүйсембиқызы қатысты.

           

Қоғамдық қабылдауға келген барлық тұрғындар өздеріне тиісті сұрақтарға жауаптар алып, арқалап келген мәселелерін шешіп ризашылықпен тарқасты.

        

28.08.2018