Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.07.2018

Ауданда тағы бір инклюзивті балалар ойын алаңы ашылды


Бүгін Бостандық ауданында Ботаникалық бақ аумағында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 8-ші инклюзивті балалар ойын алаңы ашылды.

           

Бұл игі істі Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен «Болашақ құрылыс» ЖШС қолға алып, балаларға тарту етті.

           

Ерекше бүлдіршіндерге арналған алаңның ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы «Қазіргі таңда ауданда денсаулығы ерекше балаларға арналып барынша жағдайлар жасалып жатыр, солардың бірі міне бүгінгі алаң. Аудан бойынша бұл 8-ші алаң, оның 5-уі ауданның аулалары ішінде бюджет қаражатынан салынса, ал 3-і қайырымды демеушілердің көмегімен салынып, балаларға тарту жасалуда»,-деді.

           

Инклюзивті балалар ойын алаңын орнату қаладағы ең әдемі саябақтардың бірінің инфрақұрылымын жақсартумен қатар, мүгедектерге арналған қалалық ортаға қол жетімділікті арттырып, Қазақстанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция бойынша міндеттемелерін орындауын күшейтеді.

           

Алаңның ашылу салтанатына аудан әкімдігі, «Болашақ құрылыс» ЖШС, мүгедек балаларға арналған әлеуметтік үй өкілдер, мүмкіндіктері шектеулі балалар және олардың ата-аналар және мүгедектер қоғамының төрағасы  қатысты.

28.07.2018