Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2018

Астананың 20 жылдығына арналған көрме


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы және Бостандық ауданы әкімінің аппаратымен бірлескен 40 бастауыш партия ұйымдары арасында көрме ұйымдастырылды. Іс-шара елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арнайы өткізілді.

           

Көрмеге елорда Астананың жан бейнесін бейнелейтін түрлі қолөнер туындылары қойылды. Бәрімізге жақсы таныс қаланың көрікті ғимараттары: Президенттіқ резиденциясы «Ақорда», «Бәйтерек», Бейбітшілік және Келісім Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы басқа ракурстерден ұсынылып, қаланың бар кереметі бейнеленді.

           

Шара барысында көрмеге қатысушылар арасынан Астана туралы әндер айтылып, қазақтың ұлттық билері ұсынылды.

Көрмені ашқан  "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат «Тәуелсіздігіміз тұғырланды, еліміз гүлденді, экономикамыз дамыды, рухани өркендеді, әлемге танылды, соның барлығының негізі – Астананың бас қала болып ауысуы. Мұны тарихи шешім деп есептейміз және оны бағалауымыз керек» деді.

        

Екі сағатқа созылған мерекелік шараның қорытындысы қойылып, үзідік қолөнер жұмыстарымен көзге түскен бастауыш партия ұйымдарына бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Алматы қаласы Мәслихат депутаты Банщиков Вячеслав «Samal» ауыз суымен қамтамасыз етті.

Тамашалауға келушілер рухани шарадан рухани ләззат алып қайтты.

28.06.2018