Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018

Ауданда бұқаралық велошеру өтті


Ауданда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында бесінші бұқаралық велошеру өтті. Сайыс Халықаралық ішектің қабыну ауруларына қарсы күрес күнінде арнайы ұйымдастырылды.

           

Бұл жолғы жобаға 600-ге тарта әуесқой шабандоздар қатысып, Әл-Фараби даңғылынан ҚР Тұңғыш Президенті бағына дейінгі 9 шақырымды бағындырды.

Барлық қатысушыларды мәреде ұйымдастырушылар тіккен сыйлықтар күтіп тұрды. Сыйлықтардың арасында велосипедтер те болды. Соның бірін велошеруге тұрақты қатысатын Анастасия Ефременко жеңіп алды.

         

Велошеру ішектің қабыну ауруларына шалдыққан адамдарды қолдау мен оларға көмектесу Қоғамдық қорының, «Такеда Казахстан» мен «Альпен Фарма» компанияларының қолдауымен өткізіліп отыр.

Еске сала кетсек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткізілген аталмыш велошеру сан жағынан биыл жоспарланып отырған 21 сайыстың бірі.

Сонымен қатар, велошеру қоғам назарын қазіргі замандағы уақтылы диагностика, дұрыс емделу, ішектің қабыну ауруларына шалдыққан пациенттердің өмір сапасын жақсарту мәселелеріне аударту мақсатында өткізілуде. Жыл сайын әлемнің 38 елінде ішектің қабыну ауруларына қарсы күрес күні аталып өтеді.

28.05.2018