Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.04.2018

Ауданның соғыс ардагерлерін құттықтау басталып кетті


Бүгінгі күнде Жеңіс күні тарихымыздың ең ардақты мерекесі болып келген және солай қалады да.  Ауданда Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 73-жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар басталып та кетті.                                                                                                                             

Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінде «Сбербанк России» АҚ  Бостандық ауданының соғыс ардагерлерін құттықтады.

Шараға аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Хамид Біржанов, әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы - Сәдібек Қарлығаш қатысып, ардагерлерді келе жатқан Ұлы Отан соғысының 73 жылдығымен құттықтап, изгі тілектерін білдірді.

Ал соғыс ардагерлері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.

28.04.2018