Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.04.2015

Республикалық оқу семинары


 Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі мен «Дарын» Республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен Бостандық ауданында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей базасында «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ. РОБОТОТЕХНИКАНЫ МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНЕ ЕНГІЗУ» тақырыбында білім беру ұйымдары мен мектеп мұғалімдерге арналған республикалық оқу семинары басталды.

 Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сүлеймен Демирел атындағы Университет, Қазақстан-Британ Техникалық Университеттерінің физика, информатика, робототехника профессорлары мен оқытушылары қатысуда.

 Семинар мақсаты:  Мектеп оқушыларына робототехника саласында зерттеу жүргізуге, ақпараттық техникалық және  бастапқы инженерлік білім мен ғылыми –техникалық жаңалықтармен ой бөлісу.

Мектеп қабырғасында техника саласының жеткен жетістіктерін оқып қана қоймай, сонымен бірге  болашақта жүзеге асатын тәсілдер мен технологияларды үйрету. Оқушыларды   өз ойларын ашық айтуға, өз бетінше шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, қызығушылықтарын қалыптастыруға және өз мүмкіндіктерін сезінуге үйрету мақсатында зерттеу жобалары мен шығармашылық  ізденістерге тарту.

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты, оқушыларға бүгінгі күнде түрлі мамандықты игеру қажет.

28.04.2015