Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.03.2018

Наурыз − көктем мерекесіне арналған кітап көрмесі ашылды


Бостандық ауданыда ҚР Ұлттық кітапханасындағы  «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Наурыз − көктем мерекесіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып ашылды.  

Кітап көрмесінде Қазақастан Республикасы Ұлттық кітапхана қорытнан жинақталған Наурыз мейрамының шығу тарихы мен Қазақстанда оны мерекелеу ерекшеліктері туралы материалдар ұсынылған.

Наурыз  ̶  бұл  табиғаттың жаңаруы, жаңа өмір, жыл басы. 
«Наурыз мейрамы» еңбек пен бірліктің мерекесі. Бүгінде бұл мереке көпұлтты Қазақстандағы барлық халықтар   үшін қымбат. Наурыз мерекесі ежелгі дәстүрлердің сабақтастығын сақтай отырып, заманауи өмірге үйлесімді түрде айналды. 
Наурыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығы негізінде мемлекеттік мереке мәртебесін алды. 

 2009 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  21, 22, 23 наурызды «Наурыз мейрамы» деп белгіледі. Мейрам табиғаттың ғажайып құбылыстарын ескере отырып, айрықша қасиетпен атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа стильде атап өтіп, мерекенің өзіндік ерекшелігін жандандыруды ұсынды. Мерекенің негізгі тұжырымдары анықталып, Наурыз мейрамы туралы балаларға халықтың барлық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын толығымен қамтитын сегіз ұсыныс ұсынылды. 
   Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды халықтық серуендер фольклорлық фестивальдар, спорттық жарыстар, түрлі қойылымдары сияқты іс-шаралар өтеді. 
   Мерекелік іс-шара шеңберінде «Наурыз − Бүкіләлемдік мәдени мұра бағдарламасы» ұйымдастырылады, онда: ұлттық тағамдар фестивалі, қолөнершілер жәрмеңкесі, көше тағамдарының фестиваль аймағы, үлкен мерекелік концерт болады.

 

   Кітап көрмесіне шақырамыз! 

 

28.03.2018