Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.12.2017

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және ҚР заңнамаларының негізгі ережелерін халық арасында түсіндіру семинар - кеңес өтті


 Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» атты жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында  Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агентігі және Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және ҚР заңнамаларының негізгі ережелерін жұртшылыққа кеңінен түсіндіру   семинар-  кеңес өтті.

           

  Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес  Агентігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы - Игіліков  Елнар Токтабайұлы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, аудандық денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдері және қоғамдық бірлестіктер басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

 Семинар мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтің өзгеруіне және мемлекеттік органдардың қызметінде бақылауды қамтамасыз етуге, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға жауапкершілігін арттыру.

  Жиынды алғы сөзімен ашқан аудан әкімінің орынбасары М. Балбаева сөз кезегінҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агентігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы - Игиликов  Елнар  Токтабайұлы берді.

           

  Елнар  Токтабайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 Жарлығын жүзеге асырылуы туралы сөз қозғап, Стратегиямен анықталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары атап өтті.

1. Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет;

2. қоғамдық бақылау институтын енгізу;

3. квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет;

4. сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу;

5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

6.сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

           

  Келесі де сөз алып баяндама жасаған қалалық студенттер емханасының бас дәрігері - Абеуова Жамиля Санакқызы,Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдардама бөлімінің басшысы - Оразбаева Ляйла Серікқызы, және басқалар.

           

Семинар барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдық көзқарас қалыптастыратын және мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы азаматтарды үнемі хабардар ету мәселелері талқыланып, сұрақ жауаптар берілді.

27.12.2017