Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.12.2017

«Аяз атаға хат»


  2017 жылғы 26 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапхана базасында   «АЯЛА» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Аяз атаға хат» атты Алматы қ. Бостандық ауданының мүмкіндіктері шектеулі балаларына арналған мерекелік қойылым және дәстүрлік жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау шарасы өтті.

           

   «Аяз атаға хат» жобасы аясында «АЯЛА» қайырымдылық қоры бірнеше жыл бойы Алматы қ. қоғамдық жерлерінде мерекелік шыршаларды балалардың хаттарымен безендіруде, осылайша ниет білдірушілерге бір баланың болсын арманын орындауға мүмкіндік беруде.
   

  Осы жылы Аяз атаға Бостандық ауданыының мүмкіндіктері шектеулі балалар хат жазған. Денсаулығы мен мүмкіндіктері шектеулі болған соң, балалар білім беру мекемелері мен ойын-сауық орындарына бара алмай, толыққанды өмір сүре алмай, төрт қабырғада тіршілік етуде.

    

27.12.2017