Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.11.2018

«Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы


Бостандық ауданында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті қабырғасында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орайн «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы аясында  партияның ардагерлерімен кездесу өтті.

           

Кездесудің басты қонағы Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, "Нұр Отан" партиясының ардагері Хамит Біржанұлы өз сөзінде «...қай халықтың болмасын болашағы –жастарда. Жастар қоғамның қозғаушы күші. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы қоғамдағы оң үдерістерге серпін беріп жатыр. Жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін ғылым, біліммен бірге ұштастыра отырып қалыптастыру туралы мақсатының өзі көптеген игілікті істердің ұйытқысы болып отыр» деп, артынан «Жас Отан» жастар қанаты мүшелеріне алғыс айтып, ақ батасын берді.

           

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті профессорлық-оқытушылық және студенттік ұжымы төл тарихын біліп, құрметтейтін Отанымыздың лайықты азаматтары мен патриоттарын тәрбиелейтін, өз ісінің білікті мамандарын, жоғары сапалы білімі бар мамандарды даярлайтын жоғары оқу орнына айналып, саннан сапаға көшіп, жұмыс жасап келеді. Университеттің әлеуметтік инфрақұрылымы кеңейіп, жылдан-жылға стратегиялық даму бағытындағы үлкен межелерге қол жеткізуде.

27.11.2018