Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.10.2018

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері марапатталды


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймурат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының іске асуы бойынша дөңгелек үстелі өткізді.

           

Шараға ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, яғни аудандық филиалдың Саяси Кеңес мүшелері, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссия мүшелері қатысты.

           

Осы уақытқа дейін ақпараттық-насихаттық топ мүшелері бекітілген жоспарға сәйкес 154 бастауыш партия ұйымдарына барып түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, аудан депутаттары да округтары бойынша ақпаратты-насихаттық топ мүшелерімен бірлесіп, өз үлестерін айтарлықтай қосып отырды.

Бүгінгі жиынның аяғында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жабылов Баймұрат тыңғылықты атқарған жұмыстарын ескере отырып, барлық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерін «Алғыс хатпен» марапаттап өтті.

27.10.2018