Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.09.2019

«Бизнес Бастау» - азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер


Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, оның ішінде «Бизнес Бастау» жобасын іске асыру шарасын түсіндіру мақсатында Бостандық ауданы әкімінің аппаратында «Бизнес Бастау» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Семинарға аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының және Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП өкілі семинарға қатысушыларға «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа кәсіпкерлерге «Бизнес Бастау» жобасының іске асырылуын және мемлекеттік инновациялық гранттардың (жеке бизнес ашуға) беру тәртібін түсіндірді.

 

«Бизнес Бастау» бағдарламасының мақсаты - ауданның кез-келген жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін біліп, бизнесті бастау үшін жеңілдетілген несие ала алатындығын түсіндіру.

Семинарға көпбалалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар шақырылды.

27.09.2019