Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.07.2018

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізту бойынша түсіндіру жұмысы болып өтті


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының мамандары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмысын өткізді.

           

Жиын барысында Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің жетекшісі Мейрбекова Гулзинат Рахманбердіқызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жұмыспен қамту бойынша толық түсініктеме беріп, тыңдаушылардан түскен сұрақтарға жауаптар берді.

          

Шараға ауданның мекемер, ұжым, кіші және орта бизнес, ЖШС өкілдері қатысты.

27.07.2018