Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.06.2018

Хабарлама! Ауданда бірнеше көшелер уақытша жабылады


Ағымдағы жылдың 28 маусымнан 1 шілде аралығында Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін Марков көшесіндегі асфальт төсемінің салынуына байланысты осы учаскедегі автокөлік жолы жабылады.

           

Сонымен қатар, 25 маусымнан 1 шілдеге дейін Аскаров көшесіндегі Арычный көшесінен Абай көшесіне дейін қозғалыс уақытша шектелді.

Сондай-ақ 28 маусымнан 1 шілдеге дейін Жароков көшесімен Байқадыров көшесінен Ходанов көшесіне дейін қозғалыс тоқтатылады.

27.06.2018