Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.06.2018

Сандық технологияны - әр қазақстандық игеру қажет


IT-индустрияны әр қазақстандыққа жақындатып, сандық технологияны қолжетімді ету «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалының алдына қойған мақсаты.

Алматы қаласы Бостандық ауданында Розыбакиев-Егізбаев көшесі қиылысында орналасқан Әскери-техника мектебі базасында қала және аудан тұрғындарына арнап IT-саласының базалық дағдыларын дайындайтын орталық ашылды.

           

Шараның ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Кануров С.В, Бостандық ауданы әкімі, Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданды филиалының төрағасы Торғаев Б. және Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мүшелері қатысты. Тұрғындарды IT-саласының базалық дағдыларын дайындайтын орталықты ашқан «Robotron Aspandau» ЖШС директоры Нуров Даурен Қанаұлы бұл орталық заманауи және қарқынды дамып келе жатқан компаниямен «Aspandau» ғылыми-білім қорының қолдауымен ашылғанын айтып жеткізді.

           

Компания табиғи-ғылыми және инжиниринг саласында инвестициялық қызмет атқарады, инновациялық және білім беру жобаларын қаржыландырады және дамытады, ал негізгі қызметі жаратылыстану ғылымдары мен техника саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер болып табылады. Жылдың соңына дейін 100-ден астам мамандарды қолданбалы жұмыс негіздері мен бағдарламалауды үйренуді жоспарлап отыр. Бағдарлама ІТ-саласының талап етілетін салаларында практикалық жұмыс үшін негіз болып табылады.

           

Сарапшылардың пікірінше, мұнда алынған білімдер мен дағдылар қарапайым қазақстандықтарға жұмыс табуға және өз бизнесін дамытудың жаңа перспективаларын ашуға мүмкіндік береді.

           

Жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы жүзеге асыруда. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары - Станислав Канкуров, - Біз үш жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Олар, «1000-ІТ –сыныптар» мұнда біз балаларды бағдарламалау негіздеріне оқытамыз, келесі робототехника және дизайн. Сондай ақ жұмыспен қамту орталықтарында және МЖІ мамандарды тегін оқытамыз.

«Нұр Отан» Бостандық аудандық филиалы осындай заманауи ақпараттық білім орталықтарын басқа да мекемелер мен кәсіпорындардың базасында ашуды жоспарлап отыр.

27.06.2018