Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.03.2018

Бостандық ауданы орта білім беретін мектеп оқушылар арасында Шәкәрім оқулары өтті


Бостандық ауданы Білім басқармасының қолдауымен аудандағы Шәкарім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп базасында аудандық Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс өтті.

                                

Іс-шараның негізгі мақсаты Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын оқушыларға кеңінен насихаттау. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша «Өскелең ұрпақты Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларына қызықтырып, поэзияға баулу кезек күттірмейтін мәселе». Сондықтан да поэзияға құштарлықты бүгіннен бастап қалыптастыру керек.  

           

Жастарды рухани-ізгілікті жолға бағыттауда Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын зерттеу, зерделеу, адами құндылықтарды насихаттау, ұлттық тұтастықты нығайту жолында қалдырған шығармаларын дәріптеу мақсатында өткен шарада ақын шығармашылғы жайында баяндамалар тыңдалды.

Шәкәрім оқулары төрт номинация бойынша өтті:

1.     «Адамдық борышың...» - Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу байқауы. Осы байқау сайысында Ш.Құдайбердіұлы атындағы № 190 мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Абдиева Саида бірінші орын жүлдегері атанды.

2.     Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауында №145 мектеп оқушысы бірінші орын алды.

3.     Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауынан № 68 мекетп оқушысы Гран-при жүлдесіне ие болды.

4.     Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларынан сахналық қойылым байқауынан № 190 мектеп оқушылары бірінші орынға ие болды.

           

Шара соңында ақын шығармашылығын тереңнен зерттеп, жаңа қырынан насихаттауға үлес қосқан шәкәрімтанушылар марапатталды.

Жеңімпаздар қалалық байқауға жолдама алды.

27.03.2018