Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.01.2018

Бостандық ауданы әкімінің бесінші есептік кездесуі ауданға жаңа қосылған елді мекенде өтті.


  Бостандық ауданы әкімі Бекқали Торғаевтың 2017 жылға әлеуметтік- экономикалық дамуына қорытындысы мен келер жылға қойылған міндеттерді таныстыруға арналған кезекті, бесінші есептік кездесуі Алатау ы\а № 89 жалпы білім беретін мектептің акт залында өтті.

           

Осыдан үш жыл бұрын  Қарасай ауданының бірнеше елді мекені Бостандық ауданына қосылғалы ауданның тұрғындар саны да, шешілетін проблемалар да көбейе түскен. Сондықтан да бүгінгі есептік кездесуге жиналған  қара саны көп болды.

           

Аудан әкімі  жиналған  жұртшылықты кездесу тәртібімен таныстырғаннан кейін мінберден 2017 жылға ауданның әлеуметтік-экномикалық даму қорытындысы және  алдағы уақытта атқарылатын міндеттер туралы баяндама жасады.

           

Аудан әкімі есебінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың іске асырылу барысы, сонымен бірге, нақты нәтижелерге және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң үрдістерге баса назар аударылды.

           

Бір кездері Қарасай ауданына жататын бірнеше елді мекен Бостандық ауданының аумағына қосылды. Сондықтан да бұл аймақта атқарылатын шаруалар көп. Бекқали Нұрғалиұлы бұл елді мекендердегі және аудандағы басқа да көшелеріне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтты. Баяндаманы тыңдағаннан кейін, есептік кездесуге қатысушылар әкімге өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, оған  жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

           

           

27.01.2018