Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.12.2017

Бостандық ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орын жәрмеңкесі» өтті.


  2017 жылы 25 желтоқсан  күні  Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агентігінің қолдауымен  аудан аумағында орналасқан  «Мега Алматы»  сауда сауықтыру орталығында  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырып өткізді.

           

 Ұйымдастырушылардың айтуынша шараның басты мақсат:  электрондық қызметтерді насихаттау және олардың сапасын арттыру, жемқорлық байланыстарын азайту, электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын интерактивті үйрету, электронды мемелкеттік көрсетілетін қызметті пайдалануды халық арасында насихаттау.

           

  Жәрмеңкеге келген барлық азаматтар онлайн-қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу дағдыларын интерактивті оқыту бойынша мемлекеттік органдар мен аумақтық құрылымдық бөлімшелерден барынша көмектер алып, мемлекеттік органдардағы бос орындар туралы ақпарттармен танысты.

           

   Жәрмеңкеге 23 мемлекеттік органдар және «Атамекен»ҰКП,   «Даму»КДҚ АҚ, « ССМҚ» АҚ, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ сияқты  4 үкімет емес ұйымдар қатысып,білім, денсаулық сақтау, архитектура, жер мәселелері, тұрғын үйлер, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту салалары бойынша қажетті ақпараттармен бөлісті.

 Жәрмеңкеге Бостандық ауданынан 2558 адам қатысты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрағы бойынша - 2181, бос орындар туралы сұрақтар бойынша - 377 адам келді. Олардың ішінде 215 азаматқа  Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту сұрағы бойынша белсене ат салысты. Сондай ақ  «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-мен  берілген кеңестерден өзге 20 азамат  тұрғын үй құрылыс жинағына келісім шарт жасасты. 

           

Бұдан өзге жәрмеңкеге келген азаматтар бірнеше минут ішінде электронды қолтаңда  алуға   мүмкіндік ие болып, оны алу тәртібімен танысты.

Шараға қатысушылардың басым бөлігін азаматтық жағдай актісін тіркеу, кәсіпкерлік, жылжымайтын мүлікті тіркеу, сондай-ақ аудан аумағындағы бос орындар туралы сұрақтар қызықтырды.

           

Бұдан өзге жәрмеңкеге қажеттілік туындаған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген денсаулық сақтау саласы қатысты.

Азаматтарға қолжетімді және тиімді кеңестер беру мақсатында жәрмеңкеде мемлекеттік органдармен ақпараттық видероликтер көрсетіліп,  буклеттері  таратылды.

Жалпы Алматы қаласы бойынша  48 мемлекеттік органдармен   353 мемлекеттік   қызметтер көрсетіледі.

26.12.2017