Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.11.2018

«Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалы көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді


Өткен апта соңында «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Шараны «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Б.М.Жамбылов ашып, қатысушы азаматтарға көшпелі қабылдаудың мақсаты туралы айтып қабылдауды жүргізетін мемлекеттік органдардың жетекшілері мен мамандарымен таныстырды.

             

Қабылдауды «Нұр Отан» Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі Киікбай Мөлдір, «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалында жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Кәрібаев Эльдар, «Азаматтарға арналған Үкіметі» қоғамдық корпорациясы басшысының орынбасары Серіков Ардақ, Бостандық ауданы Әділет басқармасының басшысы Есболғанова Гүлмира,Көші-қон полициясы департаментінің аға инспекторы Тұяқбаев Сабыржан және Бостандық аудандық АХАТ бөлім басшысы Әбсаттарова Фариза жүргізді.

           

 3 сағатқа созылған қабылдауда тұрғындар әртүрлі салалар өкілдеріне тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

Шараға қатысқан азаматтардың сұрақтар әр түрлі. Олардың ішінде: сақтандыру компаниясымен заңсыз әрекеттер туралы шағым, тұрғын үйді бөлу, тұрғындарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сатып алу, нотариустың заңсыз әрекеттері, банктік несиелер бойынша төлемдер және басқалар. Әрбір мәселе мұқият тыңдалып шешімі табылып жатты, ал кейбір сұрақтар бақылауға алынды.

26.11.2018