Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.10.2018

Ауданда 2017-2021 жылдардағы жұмыспен қамту өнімділігі және «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын нақтылау бойынша кеңес отырысы өтті


Бостандық ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімінің орынбасары Әбішев Асқар Тыныстыұлының төрағалық етуімен және аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызының, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы директорының орынбасары Әбдібеков Ермек Нұрболұлының қатысуымен аудан кәсіпкерлерімен жиын өтті.

                                                                                                                                                                             

Кездесудің негізгі мақсаты - бизнесті дамыту мен енгізудегі кәсіпорындарға қолдау көрсетуге арналған «Жұмыспен қамту өнімділігі және «Еңбек» кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын « түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Отырыс барысында ұжымдық келісімдер жасасу, «Жол картасы 2017-2025» шартын жасасу және Enbek.kz электрондық порталында тіркеу мәселелері талқыланды.

Кездесуге «ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Алматы кәсіподақтар орталығы» Кәсіподақтар аймақтық қауымдастығы, Алматы қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Бостандық ауданы жұмыспен қамту орталығы және басқалар қатысты.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Шара барысында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры »АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Әбдібеков Ермек Нұрболұлы және Бостандық ауданы жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің мамандары Кемерова Арай, жұмыспен қамту өнімділігі және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын нақтылау бойынша сөз сөйлеп баяндама оқыды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының Кәсіподақ орталығының өкілі Самотокина Галина Михайловна және Алматы қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының әлеуметтік саладағы еңбек заңнамасын бақылау департаментінің жетекшісі - Мұқашева Меруерт Маратқызы баяндама жасады.

Жиын соңында, Enbek.kz электрондық порталында тіркелу туралы. Бостандық ауданы жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің мамандары сөз сөйледі.

26.10.2018