Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.10.2018

«Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті


25.10.2018ж «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының кеңсесінде Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Кездесуге ПБК-ң барлық мүшелері қатысты.

Кездесуді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұхтарханұлы жүргізді. 

Отырыстың мақсаты - Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындалуын қадағалау және жаңа партиялық жобаларды іске асыру.

                                                                                                                                                                            

Кездесуде партиялық тәртіпті сақтау, партияға мүшелік жарналарды уақтылы төлеу мәселелері қаралып, талқыланды.

Сондай ақ «Мектеп асханалары» партиялық жобасы қайта қаралды, жобаның жұмыс жоспары бекітілді. Осыған байланысты Бостандық ауданындағы мектеп асханаларында тамақ өнімдерін бақылауды Партиялық бақылау Комиссиясына жүктеді. «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының ПБК өз отырыстарында АПҰ төрағаларының қызметін партияға сәйкестігі мәселелерін қарауға, партиялық жобаларды жүзеге асыру туралы есептерді тыңдауға және партиялық тапсырмаларды уақтылы жүзеге асыру шешімі қабылданды.

           

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұхтарханұлы барлық ПБК мүшелерін жұмысты жандандыруға, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар мен партиялық жобаларды іске асыру үшін жеке жауапкершілікті алуға шақырды.

26.10.2018