Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

Ауданға жаңа әкім тағайындалды


Алматыда бірқатар аудан басшылары ауысты.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының  келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып  Алтай Рахымбетов тағайындалды. 

                                   

Ал Алмалы ауданының жаңа әкіміне Бекқали Торғаев тағайындалды. Ол 2015 жылдың ақпанынан бастап Бостандық ауданының әкімі қызметінде болған.   

Бостандық ауданы әкімі болған А. Рахымбетов  еңбек жолын 1995 жылы Алматы  қаласы экология басқармасының маманы ретінде бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласында 20 жыл еңбек етті. Соның ішінде Алматы қаласы Табиғатты реттеу басқармасының басшысы да болды. 2015 жылдың ақпанынан Әуезов ауданының әкімі лауазымын атқарып келген. Жаңа әкімдерді ұжымға таныстыру кезінде  Бауыржан Байбек  олардың қызметтік өсу жолдарының барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын  жақсы білетіндіктерін айтты.

Әкім жаңа әкімдердің алдында жаңа міндеттер қойды. «Аудандардың жаңа  әкімдері абаттандыру, жасылдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруға, көшелерді жөндеуге, ғимараттардың архитектуралық  келбеттеріне айрықша назар аударғандары жөн. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау аясында үйлерді жөндеуді жалғастырып, «Ескі тұрғын үй» бағдарламасын мықтап қолға алулары тиіс», - деді қала әкімі.

Аудан әкімдеріне білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірігіп мектептердегі оқушы орындарының жетіспеуі мен емханалардағы өзекті  мәселелерді шешу тапсырылды.


26.09.2018