Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.06.2018

"Чек талап етіп- сыйлық ұтып ал!" акциясы басталды


2018 жылдың 21 мамырдан қаламызда  басталған "Чек талап етіп-сыйлық ұтып ал!"   акция осы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.

Шараның негізгі мақсаты: халық арасында құқықтың мәдениеттілікті тәрбиелеу,салықтық білім деңгейін көтеру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікке ынталандыру болып табылады. Акцияға қатысу үшін:
Өзіңіздің ұялы телефоныңызға  (Google Play Market6 Apple App Store) қосымшасын жүктеп аласыз;
- Чек суретін түсіріп жіберу;
- Чектегі сатып алынған тауар  күні мен уақыты 21 мамырдан ерте болмау керек;
- чектегі сомма- 0 тңг жоғары толу қажет.
 Акция жеңімпаздары компьютердің кездейсоқ таңдауымен анықталады.
Акция екі деңгеймен өтетін болады:
Бірінші деңгей: Мемлекеттік кірістер Департаментімен  маусым   қараша айында, ай сайын үш жеңіспаздар анықтап, бағалы сыйлықтар  тапсырады.
Екінші деңгей: Сыйлық ұтыстары Астана қаласында ( Жеңіс даңғылы, 11) тікелей трансляцияда ойнатылады.Үш жеңімпаз анықталып, қосымша "Ең белсенді салық төлеуші" (ең көп чек жіберген) номинациясы марапатталады.
Екінші деңгейдің басты сыйлығы  Автокөлік.
Ұтыс сыйлығын алу үшін жеңімпаз салық органы қызметкерлеріне жеке басын куәлантыратын құжатты, ұтыс чегінің кодын көрсетуі қажет.

 Чек талап етіп, Акцияға қатысып сыйлық ұтып ал!

Толығырақ www.kgd.gov.kz  МКБ сайтынан қараңыз.
Акция шарттары бойынша сұрақтар - +7(7172) 50-00-64
Техникалық сұрақтар бойынша - +7 (7172) 73-80-63; E-mail rs@wiponapp.com
"Чект талап етіп, Акцияға қатыс!"  туралы қосымша ақпарат
Акцияға қатысушы тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, сатып алынған тауарды растау қажет.
Чек  ағымдағы жылдың 21 мамырынан - 30 қарашасына дейін қабылданады.

Wipon қосымшасы келесі функциялармен жабдықталған:
Чек суретін жіберу;
Чек берілмеген фактілер туралы ақпарат жіберу;
қатысушының чегін қабылдау немесе қабылдамау туралы, қатысушының статусы туралы хабарлама жіберу.
Чек жіберу   тарихы туралы  ақпаратты көру.
Суретке түсірілген чекте ИИН/БИН, мерзімі, уақыты, қорытынды соммасы, ФП,Ф,F анық көрінуі тиіс.
Чектің түп нұсқасы қажет емес.
Осылайша  неғұрлым көп чек жіберген қатысушы, соғұрлым  ұтыс алу мүмкіндігіне ие болады.

26.06.2018