Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2018

Аула тұрғындары Наурызды қарсалуда!


Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. 

               

Алматы қаласы Бостандық ауданы Көктем, Орбита-1, Орбита-3 ықшам ауданы аулаларында және Айманов көшесі 193 үй ауласында көптеген ұлт өкілдерін жинаған Ұлыстың Ұлы күні мерекесі Қазақстан атты үлкен шаңырақтың астында бақытты да бейбіт өмір сүріп жатқан үлкен отбасы екенін көрсетті.

           

Аула тұрғындары бұл мерекені тамашалауға тай -тұяғымен жиналды. Апа, ата, әжелеріміз ұлттық киімдерін киіп өз қолдарымен дайындаған дәмді астары мен тәттілерімен келсе, жас буын өкілдері ұлттық спорттық ойындардан күш сынасты.

          

Ұлттық дәстүрлер «бесік салу», «тұсау кесер», «беташар» жасалып, ән күйден шашу шашылды.

          

Ал ауланың екінші бір жағында қазан асылып, дастархан жайылып, табақтар таратылды. Көпшілікке бұл мейрамның дәстүрлі асы Наурыз көжемен қатар, күріш палауы да ұсынылды.

                         

           

           

          

26.03.2018