Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2017

Бостандық ауданында «Қауіпсіз тағам таңда» атты акция өтті


 Халық арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру мақсатында  Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  мамандары, Қазахфильм ықшам ауданында орналасқан ауылшаруашылық жәрменкенде  РМК «Ұлттық сараптау орталығы»  мамандарын экспресс-зерттеу жүргізуге тарта отырып «Қауіпсіз тағам таңда»  акция ұйымдастырып өткізді.

          

  Акция  барысында түрлі атаудағы өнімдерден 25 сынама зертханалық зерттеуге алынды, жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, сәйкес емес сынамалар анықталмады.

           

  Шара барысында сатып алушылар арасында тағам қауіпсіздігі және сапасы бойынша тұрғындардың біліктілігін байқау мақсатында тұтынушылар арасында сауалнама жүргізді.  

  Сондай ақ  сатып алушыларға тағам өнімдерінің қауіпсіздігі  туралы Техникалық регламенті, өнімдердің пайдалану мерзімі туралы, тағам өнімдерінің таңбалануы, өнімдердің сақталу жағдайлары туралы, әсіресе тез бұзылатын өнімдер туралы, сальманеллез, тамақпен уланудың алдын алу туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

25.12.2017