Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2014

Ведомствоаралық штаб отырысы


Аудан әкімі аппаратының кіші залында аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаевтың төрағалығымен жылдың  қорытындысы бойынша Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Бостандық ауданы бойынша ведомствоаралық штабының отырысы өтті. 

Жиында  «Ауданның криминогенді учаскелерінде нашақорлықтың алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары туралы», «Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Бостандық ауданы бойынша ведомствоаралық штабының 2014 жылдың 12 айында атқарған жұмыстарын талдау» сұрақтар қарастырылды. 

Штаб отырысына медицина мекемелерінің бас дәрігерлері, жоғары оқу орындарының проректорлары, жалпы білім беру мектеп  директорларының тәрбие ісі орынбасарлары,мен орта оқу орындары директорларының орынбасарлары қатысты. Жалпы 70 адам қамтылды.

25.12.2014